Abstract:
Мақалада мемлекеттік секторда шоғырландырылған
есептерді жасауға халықаралық стандарттардың талаптарын талдау ұсынылған.
Мемлекеттер түрлі халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған
қаржылық есептер жасауға мүдделі, олардың негізгілері - мемлекеттік қаржы
статистикасы жөніндегі нұсқаулығы (МҚС) және қоғамдық сектор ұйымдардың
қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттары (МСХҚЕС). Кейбір
елдердің тәжірибесінде МҚС нұсқаулығын, МСХҚЕС-тің де талаптарын
сақтауға мүмкіндік беретін тәсіл қолданылады деген қорытынды жасалды.
Бірқатар елдерде МСХҚЕС талаптарына ұқсас ұлттық заңнамалары да
бекітілген. Көптеген елдер, оның ішінде Армения Республикасы мен Ресей
Федерациясы мемлекеттік секторда шоғырландырылған қаржылық
есептіліктерді жасауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асырады.