Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит мамандарын
даярлау мен сертификаттау талданды. Казіргі таңда мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау саласында мамандарды дайындау жан-жақты болуы тиіс.
Білім беру жүйесінде оқу процесін ұйымдастырудың жаңа, неғұрлым тиімді
әдістерін, нысандары мен құралдарын іздеуді және жетілдіруді талап етеді.
Жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті- мемлекеттік аудитті дамытуға
ұмтылысы бар, уақыт талабына сай білімі мен дағдыға ие, кең ауқымды
ойлайтын мамандарды даярлау болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит мамандарын даярлау жоғарғы оқу орындарында
бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бойынша жүзеге
асырылады. Мемлекеттік аудиторлар білім және кәсіби деңгейлерін әрдайым
жетілдіріп отырады. Осыған байланысты, мемлекетті аудит және қаржылық
бақылау органдарының қызметкерлері қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттыру қағидаларында көрсетілгендей, аталған органдардың қызметкерлері үш
жылда бір рет кезеңділікпен біліктілігіе арттырудан өтеді.