Abstract:
Топырақ эрозиясына әсер етуші басты факторлардың бірі - жауын-шашын (R)
мөлшері. Себебі, оның көлемі мен түсу қарқынының жоғары болуы топырақтағы эрозия
процесінің пайда болуына алып келеді. Топырақтың эрозияға ұшырауы оның құнарлығын
төмендетеді, егілген тұқымдар зақымдалады, жайылымдардың сапасы нашарлайды. Мұның бәрі
ауыл шаруашылық өнімнің сапасына зиян келтіреді. Зерттеліп отырған жұмыста жауын-шашын
интенсивтілігі (R-факторы) ГАЖ технологиясында интерполяция әдісімен есептелді және Rфакторын анықтау алгоритмі жасалды. Осыған байланысты, осы мақалада осы тақырыпқа назар аударылады және жауын-шашынның қарқындылығы (R-фактор) GIS технологиясында интерполяция әдісі арқылы есептелді. Зерттеу нәтижесінде Ұлысай өзені алабының ауыл шаруашылық жерлеріне түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері 264 мм-ге дейін өзгеретіні анықталды.