Abstract:
Мақалада бейнелеу өнерін мінез-құлықты коррекциялау мен тұлғаны дамыту мақсатында
қолдану жолдарын теориялық және тәжірибелік зерттеу қарастырылды. Өнер психологиясына теориялық
шолудың нәтижесінде бейнелеу өнерінің басты психологиялық аспектілеріне талдау жасалды. Тәжірибелік
зерттеу Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас Ұрпақ» аутистикалық спектрдің бұзылысымен зардап шегетін
балаларды дамыту орталығының қызметкерлеріне жүргізілді. Күрделі педагогикалық іспен айналысатын
мамандардың мінез-құлықтары бейнелеу өнері арқылы қаншалықты өзгеруі мүмкін екендігі сарапқа салынды.