Abstract:
Көшбасшылық – адамдардың мақсатына жетуі үшін оларды бағыттау және
шабыттандыру қабілеті. Көшбасшылық ұйымда, топта немесе қауымдастықта болуы мүмкін.
Әсіресе соның ішінде ұйымдағы көшбасшылықтың бірлескен мақсатқа жетудегі орасан зор
қызметі барын айта кеткен жөн. Көшбасшылық стильдері ұйымдық мәдениетке маңызды әсер
етеді. Бұл мақалада көшбасшылық стильдерінің ұйымдық мәдениетке әсері зерттеледі. Зерттеу
жұмысындағы тұжырымдар мен қолданылған материалдар ұйымдардың жұмыс тиімділігін
арттыру және қызметкерлердің мотивациясын көтеру үшін көшбасшылық стильдерінің
таңдалуының маңыздылығын көрсетеді.