Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының банк инфрақұрылымындағы
цифрлық экожүйенің рөлі қарастырылады, банктердің ағымдағы жетістіктері, соның ішінде
мобильді қосымшалар, венчурлық инвестициялар және FinTech секторындағы M&A (бірігу
және жұтылу) операциялары талданды. Сондай-ақ цифрлық платформалардың, соның ішінде
FinTech компанияларымен серіктестіктерді, жасанды интеллектті, киберқауіпсіздікті және
тұтынушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған білім беру бағдарламаларын
дамыту бойынша ұсыныстар берілді.