Аннотации:
Мақалада Жамбыл облысындағы киелі туризмді ілгерілету мүмкіндіктері мен дамыту
барасында жүргізілетін маркетингтік стратегиялар қарастырылды. Басты мақсат зерттеу
объектісіндегі туризмнің ағымдағы инфрақұрылым жағдайын қарастыра отырып, оның
дамуына, туристтер арасында сұраныс пен тартымдылығын арттыру болып табылады.
Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы туристтік инфрақұрылым мен қызмет көрсету
жұмыстарына сипаттама беріледі. Зерттеу аймағында туристік маршруттарды құру, ісшаралар мен мәдени фестивальдерді ұйымдастыру, жарнамалық науқандарды әзірлеу сияқты
маркетингтік стратегиялар аймақтың бірегей нысандарына назар аударуда маңызды рөл
атқаратыны анықталды. Цифрлық маркетингтің заманауи әдістері мен әлеуметтік медианы
қолдану киелі туризмді насихаттауға ықпал етеді. Яғни, Жамбыл облысындағы киелі
туризмнің дамып, әсерлі жылжытылуы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің
шешімін табуға ерекше үлес қоса алатыны анық. Киелі туризмнің жеке бағыт ретінде тиімді
әрі әсерлі жылжытылуы үшін және оның даму әлеуетінің жоғары болуы үшін жасалу қажет
іс-шаралар мени стратегиялар ұсынылады.