Abstract:
“Компаниялардың экологияға деген жауапкершілігін бағалаудағы
бухгалтерлік есептің рөлі” мақаласы тұрақты даму аспектілерін ұйымдардың қаржылық
есептілігіне біріктірудің маңыздылығын зерттейді. Компанияларға өздерінің экологиялық
және әлеуметтік бастамаларын ескеруге және бағалауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік
есептің негізгі принциптері мен әдістерін, стандарттарын қарастырады. Мақала сонымен қатар
бұл тәжірибенің басқару шешімдерін қабылдауға, инвестициялық шешімдерге және
компаниялардың қоғамдық қабылдауына әсерін талдайды. Қорытындылай келе, бизнестің
және жалпы қоғамның неғұрлым тұрақты дамуына қол жеткізу үшін есептілікті жақсарту және
бухгалтерлік есепті қолдану бойынша ұсыныстар ұсынылады.