Abstract:
Зерттеудің алғы шарты және негізгі мақсаты графтың барлық және нақты қаңқалық
ағаштарын табу алгоритмдерін жасау және оңтайландыру жолдарын қарастыру.
Бұл мақалада графтың қаңқалық ағаштарын табу алгоритмдерін жасау және
оңтайландырунұсқаларының бірі ұсынылған.
Ғылыми зерттеу жұмысында теориялық дереккөздерді, отандық және алыс-жақын
шетелдік тәжірибелердің нәтижелерін талдау, материалдарды жүйелеу, талдау
және жалпылау, сонымен қатар, зерттеу материалдары ретінде графтар
теориясының тарихы және оның дамуының мәні мен мазмұнын айқындау әдістері
қолданылды.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде графтың қаңқалық ағаштарын табу алгоритмдерін
жасау және оңтайландыру бойынша әдебиеттер талданды. Бірнеше есеп мысалдары
қарастырылды.
Ғылыми зерттеу нәтижелері болашақта интегралдық сызбалар мен басқару
сызбаларын жобалауда, логикалық сызбаларды, бағдарламалардың құрылымдық сызбаларын зерттеуде, экономика мен статистикада, химия мен биологияда, жоспарлау
теориясына байланысты есептерді шығару барсында қолданылуы мүмкін.