Abstract:
Мақалада ұлы даланы мекен еткен көшпенділер мен
түркілердің ежелгі және ортағасырлық корей мемлекеттерімен арасындағы
байланыстары қарастырылады. Тарихнамалық талдау жасау барысында кеңестік
тарихнамада орын алған Р.Ш. Джарылгасинованың «Древние когуресцы»
зерттеуіндегі Корей түбегіндегі ежелгі Когурё, Пуё мемлекеттерінің
тұрғындарының ата-бабалары мен Орталық Азияның көшпелі халықтары
арасындағы ежелгі байланыстардың бар екендігі жайлы ғылыми пайымдауларын
негізге алады.
Түркілер мен кoрейлердің тіліндегі көп ұқсастықтардың бар екендігін
айқындай отырып, олардың тілі де алтай тілдер тoбына жататындығы сараланған.