Аннотации:
Туризм саласы Қазақстан Республикасында негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі мақсаты аса тиімді жəне бəсекеге қабілтті заманауи туристік кешенді құру жəне бұл базада саланы экономика секторы ретінде дамыту, əлемдік туристік нарық жүйесіне интеграциялау жəне туризм саласындағы одан əрі халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жағдайлар қамтамасыз ету.
Мақалада Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы туристермен өзге Қазақстан қалаларынан келген туристер жəне шетелдік туристер ағының есептеуге негізгі əдістемелік тəсілдер талданды. Сонымен қоса, туристер ағынының бағалануы қолданыстағы əдістемелердің шектеулері зерттелді, көліктік статистика жəне туристік орналастыру статистикасы деректерін есептеу кезінде пайдалану мүмкіндігі бағаланды, шығу жəне ішкі туристік ағындардың көлемін есептеуге мүмкіндік беретін коэффиценттер ұсынылды. Қазіргі таңда туризм саласы əлуметтік келеңсіздіктерді шешуге кішігірім үлесін қосуда. 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша Нұр-сұлтан қаласының жиынтық туристік тұтыну көлемі мен құрылымы ұсынылды.