Аннотации:
Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі коронавирустық пандемия (COVID-19) әсерінен
білім беру жүйесі айтарлықтай ауыртпашылық сезінді. Қашықтықтан оқыту жүйесі айқын
міндеттер мен проблемалармен қатар, жаңа форматпен оқыту арқылы мүмкіндіктер мен
перспективалардың кең спектрін ұсынды. Жаңа оқу форматына психологиялық бейімделудің өзі
біршама уақыт пен жұмысты талап ететіні анық. Зерттеудің мақсаты қашықтықтан оқу
форматындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Бұл зерттеу жұмысында
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қашықтықтан оқитын 104 студентінің
психологиялық ерекшеліктері қарастырылды.