Аннотации:
Жалпы қазіргі таңдағы білім берудің негізгі мақсаты-білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту, белсенділікке шыңдау, шығармашылық тұрғыда
ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілікке, өмір бойы білім
алуға уйрету. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,
оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.