Репозиторий Dspace

Ежелгі үнді сюжетінің Mайлықожа Cұлтанқожаұлының «Тотынама» мысалында трансформациялануы

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Омаров, Б.Ж.
dc.date.accessioned 2023-08-18T05:17:06Z
dc.date.available 2023-08-18T05:17:06Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5132
dc.description.abstract Бұл мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Тотынама» атты шығармасының желісі мен ежелгі үнді әдеби ескерткіштерінде кең таралған сюжеттің өзара үндестігі жан-жақты қарастырылған. «Панчатантра», «Кәлила мен Димна» және «Хитопадеша» сияқты әлемге танымал шығармаларда баяндалған тасбақа мен екі құстың оқиғасы көптеген елдердің әдебиетінде түрліше көрініс тапқаны мәлім. Әр жұрттың белгілі бір шығарманы өз табиғатына бейімдеп, қайта түзген кезде, оның біршама өзгеріске ұшырауы – заңды нәрсе. Көне сюжеттердің төркіндестігін аңғартатын бұл құбылыс осы зерттеуге арқау болып отыр. Орталық Азияның бірқатар халықтарының сөз өнеріне енген, қазақ жеріне түрлі жолдармен жетіп, руханият қазынасына қосылған көшпелі сюжеттің даму ерекшеліктері айқындалып, жаңа туындыны жырлау кезінде қандай өзгеріске түсетінін зерделеуге ден қойылған. Осы сюжетке негізделген қазақтың хайуанаттар туралы ертегілерінің шығу төркіні жөнінде байыптама жасалған. Бақа мен екі тотының хикаясы жырланған Майлықожаның «Тотынама» мысалы ауызша авторлық поэзияның үлгісі ретінде зерттеу нысанасына айналған. Мақала авторы орта ғасырларда жазбаша шыққан қара сөз түріндегі шығарманың қазақ топырағында өлеңге айналу жолдарына, жырлану ерекшеліктеріне, сюжеттің түрлену тәсілдеріне жан-жақты талдау жасайды. Көне үнді сюжетінің басқа әдебиеттерге ауысу барысындағы трансформациялану үдерісін айқындауға және бұл өзгерістер Майлықожаның «Тотынама» мысалында қалай орын алғанын көрсетуге мән берілген. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject ақын ru
dc.subject трансформация ru
dc.subject сюжет ru
dc.subject әдеби ескерткіштер ru
dc.subject ауызша жырлау ru
dc.subject әлемдік үрдіс ru
dc.title Ежелгі үнді сюжетінің Mайлықожа Cұлтанқожаұлының «Тотынама» мысалында трансформациялануы ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись