dc.description.abstract |
Бұл мақалада халықаралық экономикадағы адам
капиталының теориясы мен әлемдік экономикалық өсімнің интенсивтілігіне
тигізетін әсері зерттелінеді. Адам ресурстарының қазіргі таңда алатын ерекше
ролі, әр елдегі экономикалық өсімі мен саяси-экономикалық конъюктураның
халықаралық еңбек бөлінісі мен факторлар таралуының адами капиталымен
арадағы байланысы, және де макроэкономикалық деңгейде әлем елдері жүргізіп
жатқан экономикалық саясаттың адам өмірі мен қабілеттілігіне бағытталуы
анықталады. Мақалада экономикалық дамудың драйвері ретінде адам
ресурстары жеке фактор ретінде қарастырылады. Әлемдік экономикадағы
мемлекеттердің жалпы ұлттық өніміндегі (ЖҰӨ) адам ресурстары факторының
дамуына жұмсалатын капитал үлесі, адам даму индексі мен бүгінгі күндегі
экономикалық даму деңгейі мен тұрақтылығының арасындағы байланысына
талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасынының Елбасы-Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың адам ресурстары потенциалын дамытуға арналған саясат
маңыздылығы айтылады. Қазақстан жағдайындағы адами капитал шет
мемлекеттермен салыстырылып, мақалада көрсетілген проблеманы абстракция
методы негізінде, салыстырмалы әдіс және статистикалық мәліметтер анализі
тұрғысынан зерттелінеді. |
ru |