dc.description.abstract |
Жаңалықтарды ұсынудың ерекшеліктері мен жаңа әдістерін зерттеу
мәселесі ғылыми ойдың ең өзекті бағыттарының бірі болып қала береді. Жаңалықтарда
«Жанр деген не? Оның функциясы қандай және ақпаратты ұсынудың тәсілдері
қандай?» деген секілді сұрақтар бірінші орынға қойылады.
Медиа нарықта журналистер мен ақпараттық қызмет көрсету саласының
мамандары ақпаратты берудің заманауи тәсілдерін көбірек енгізуде. Материалды
«сәндеу» құралдардың кең ауқымын қолдана отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда
бұл мәселеде ең бастысы – оқиғаның барлық егжей-тегжейін қамтитын жаңалықтар
беру, аудиторияға ұсыну тиімділігі.
Қазақ журналистикасындағы әлем жаңалықтарының берілуі халықаралық БАҚ
стандарттары негізінде, өзіндік ұлттық болмыс бояуын сақтай отырып беріледі. Әлем
жаңалықтарын еліміздің бұқаралық коммуникация құралдарының қаншалықты жиі
беретінін, тақырыптарды ашу мақсатында деректерді қайдан және қалай алатыны,
өзге мемлекеттерде меншікті тілшілерді болуындағы маңыздылықтарын осы ғылыми
мақаламызда басты назарға аламыз. Мақалаға негіз бола алатын ақпараттарды
мейлінше жаңа, жақында болған өзекті оқиғаларға қатысты деректерге сүйене отырып
жасалған материалдардан алу негізге алынады. Ғылыми мақаланың тақырыбына
сәйкес шетелдік ғалымдардың еңбектерінен де сілтеме көрсетіліп, нақты теориялар
айтылады. |
ru |