Репозиторий Dspace

ӨТҮКЕННІҢ МИФТІК-ПОЭТИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Шәріп, А.Ж.
dc.date.accessioned 2023-12-01T10:39:04Z
dc.date.available 2023-12-01T10:39:04Z
dc.date.issued 2023-05-25
dc.identifier.isbn 978-601-337-878-7
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/10456
dc.description.abstract Дәстүрлі түркі дүниетанымында Өтүкен жерұйық болып саналады. Ол тек топонимикалық зерттеу нысаны болып қана қоймай, өз бойына терең рухани мән дарытқан. Орхон тасбітіктерінің, сондай-ақ басқа да жазба ескерткіштердің мәтіндеріне сүйене отырып мынадай қорытындылар жасауға болады: біріншіден, Өтүкенде тіршілік кешу мемлекетті басқаруда тұрақтылыққа, халықтың бірлігі мен бақуаттылығына, көрші елмен қарымқатынастың оңтайлығына кепілдік берген (Тәңірдің жарылқауы); екіншіден, Өтүкеннен табан аудару елді бостандық пен бодандыққа, қасірет пен қайғыға душар еткен (Тәңірдің жазалауы). Мұндай утопиялық таным-түсініктер қоғамның өтпелі дағдарыс кезеңдерінде туады. Ата қонысын тастап шыққан адамдар көзден ғайып болған жерді идеалдандыруға және мифтендіруге көше бастайды.. Ежелгі жазбаларда кездесетін «Өтүкен елінің құты» (il Otukan quti) тіркесі «ұрпақ таратушы күш» мағынасына да ие. Əр рудың өкілі өзін дүниеге келтірген «құрсаққа» балайтын «меншікті» тауына сыйынған. Моңғол жазба ескерткіштерінде Ötüken сөзі etügen~ötügen пішінінде ұшырасып, «құдіретті жерді», «жер-иені» білдіреді. Моңғолдың etügen еке дегені анаға теңелетін отанды меңзейді. Ендеше, түркілер мен моңғолдардың мифтік-поэтикалық дәстүрінде Өтүкен мынадай кейіпте танылады: 1. Мәдени ойкумена (қоныс) – халықтың өміріне қолайлы және қауіпсіз орын; 2. Мәйекті мекенді әлемнің кіндігі ретінде қабылдататын ұғым (құт); 3. Табынатын және кие тұтатын айырықша күш (құдірет). Өтүкен бейнесі Жер-Ана архетипімен ұштасады және оның ел санасындағы идеялық эволюциясы мен трансформациясын «қоныс – құт – құдірет» мифтік-поэтикалық формуласы арқылы қарастыруға болады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева ru
dc.subject Өтүкен ru
dc.subject «Жер-Ана» архетипі ru
dc.subject түркілер мен моңғолдар ru
dc.subject дәстүрлі дүниетаным ru
dc.subject әлеуметтік утопия ru
dc.title ӨТҮКЕННІҢ МИФТІК-ПОЭТИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись