Жинаққа 2013 жылы 3 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазан (Еділ бойы) Федеральді университетінің филология және өнер институты бірлесіп ұйымдастырған аса көрнекті ғалым, академик Зәки Ахметовтің туғанына 85 жыл толуына орай өткен «З.Ахметовтің ғылыми зерттеулері және қазіргі әдебиеттанудың теориялық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары еніп отыр. Шетелдік және қазақстандық ғалымдардың мақалалары З.Ахметовтің ғалымдық тұлғасына, зерттеу еңбектерін теориялық маңызына, сондай-ақ бүгінгі әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне арналған.