Abstract:
Абай мұрасы – бір халықтың рухани-мәдени ӛмірінің шарайнасы, жазба әдебиеттің кӛшбасшы – атасы. Ұлтымыздың ақындық даналығын, ӛнерпаздық болмыс-жаратылысын мәшһүр еткен озық ойлы кемеңгер тұлға. Ойы мұхиттай толқыған, кӛкірек кӛзі кӛреген, арғы-бергі ғасырлар сырын мінсіз толғаған, халқының ұлттық ой-санасын оятқан Абайдың асыл туындыларының ағыс-толқындарын, астар-қабаттарын, түпсіз тереңдігін жарқырата ашу, шебер сӛйлету, дәлелдеп кӛрсету – қиынның қиыны екені анық. Солай болса да, қазақ ӛлеңінің құрылыс-жүйесін, құдірет-қуатын, Абай поэзиясының орыс классиктерімен ұқсастығын қажырлықпен тексерген, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихын зерделеген және «Қазақ ӛлеңінің құрылысы» (1965), «Ӛлең сӛздің теориясы» (1973) тәрізді күрделі еңбектер жазған академик Зәки Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» атты зерттеуі ұлы Абайдың сұңғыла суреткерлігін, асқан ойшылдығын, нәзік сыршылдығын біліктілікпен, білгірлікпен парасаттайды.