Abstract:
Әдеби байланыстар жайын сӛз еткенде кезең тұрғыдан алып қарағанда оның ең алғашқы сатысы – сапарнама жанрынан бастаған орынды. Әрине, «сапарнама жанры» деген әдеби ұғым кӛп кейін қалыптасты. Бұл экономикалық, миссионерлік және т.б. басқа мақсатта түрлі елдерді, мемлекеттерді аралап кӛрген саяхатшылар, миссионерлер, ғалымдардың жазбаларындағы әдеби, тарихи деректерді қамтиды. Мұндағы деректердің әрине, әдеби құндылығынан гӛрі, тарихи сипаты басым. Бірақ дегенмен әдеби байланыстың бастауы болып табылатындықтан оны да назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Кейін келе ғалымдар мен ақын-жазушылар іссапар кезінде мақсатты түрде жолжазба жазып отырған. Осы жолжазба очерктері де сапарнама жанрына жатады.