Abstract:
Информатика саласы мамандығы студенттеріне кәсіптік–ақпараттық бағыттылық беруде мамандық пәндер бойынша танымды қызмет атқару басты маңызға ие. Бұл пәндерді оқытудағы құрылымдық логикалық байланыстылық негізінде кәсіби бағыттылықты, яғни өзекті ісіне қатысты білім мен біліктілігін дамытуға бағытталады. Сала бойынша кәсіби мамандар дайындау барысында маңызды рөл атқаратын пәндердің бірі - «Операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру» пәні. Бұл пәннің мақсаты - заман талабына сай операциялық жүйелер туралы білімі, дағдысы қалыптасқан маман дайындау.