Abstract:
The article concerns with investigation of Kazakh prose and short stories written in the early 20-th century
by famous Kazakh writer Aymautov.
Әңгіме жанрының күрделі табиғаты туралы негізгі ойларды академик З. Қабдолов: «Әңгіме – қиын
жанр. ...Өмір эпизодының шағын көрінісінің өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызықты болу
керек. Сюжетке ене бастағаннан-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін
аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек, ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл
даралана беруге тиіс, кейіпкер тұл көрінбейді, оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол
арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы керек; әлгі адам соның өкілі, типтік тұлға
болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білуімен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті
байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген
жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен
биік мәдениетті талап етеді... Мұның бәрі – күрделі, қиын жұмыс», – деп қаламгердің шеберлігін
шыңдау жолы деп пайымдайды.