Abstract:
Қайырлы күн қадірменді ағайын!
Арқа төсіндегі ажарлы Астанамыз – Отанымыздың жүрегіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Бүгін сіздерге Қазақ елінің қасиетті төріне айналған осы жаңа елордамыз жайлы жазылған «Еуразия жүрегінде» атты жаңа кітабымды таныстырғалы отырмын.
Қай кітап болмасын адамның көңіл күнделігі мен рухани толғаныстарының тоғысуы арқылы өмірге келеді. Менің бұл кітабым да соңғы 10-12 жыл ішінде қағазға түскен түрлі жазбаларым мен жекелеген күнделіктерімнің жемісі.
Бұл жазбаларым мен естеліктерім уақыттың сан алуан кезеңінде, түрлі сапарларымда, тіпті шет мемлекеттерде жүргенімде жазылса да әрдайым жас та жасампаз Астанамызға арналып отырды. Осы жазбаларымды топтастыра келе мен тәуелсіз еліміз бен жаңа Астанамыз жайлы, оның толайым табыстары туралы бір кітаптық дүниенің жинақталғанын бағамдадым.
Бұл кітапқа Астананың жаңа өміріндегі талай тарихи сәттер енгізілді.