Abstract:
Уважаемый Владимир Владимирович!
Уважаемый Минтимер Шарипович!
Дорогие жители Казани и гости столицы Татарстана!
Біз бүгін татар халқының мың еллық тарихының символындай болған Қазан шаһарының мың еллық тойына жиналып отырмыз.
Егер ерте заманларда Ғабдулла Токай бастаған татар шайырлары айтқандай дертли Қазан, моңлы
Қазан, шанлы Қазан, фажигале Қазан десе, біз бүгін жасарған, жаңарған, өскен, өркендеген Қазанның сырлы Қазан, нұрлы Қазанның тойына келдік. Осы тойларың мүбәрәк болсын, құрметті татар туғанлар.
Қазанның мың еллығы бір шаһардың ғана емес, Россия Федерациясының 62 субъектісінде, дүние елдеріне кең таралған 8 миллион татар халқының тойы.
Қазанның мың жылдығы Сіздермен бірге 6 ғасырда Түрік қағанатын құрып, кейін Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орданың құрамында болған, бүгінде жалпы саны 200 миллионға жуықтаған барша түркі халықтарының тойы.
Қазан мен «қазақ» сөзінің арасында бір ғана қарыпқа айырма бар. Ендеше Қазанның мың еллығы сіздермен бірге туған 15 миллион қазақ халқының да тойы.
Тойларың құтты, қайырлы болсын, құрметті татар бауырлар.