Abstract:
Сӛз бостандығының қҧқықтық тҧрғыдан реттелуін адам қҧқығының мәні жайлы тҥсініктен бастасақ. Адам қҧқығының институты ерте кездерде де болғаны белгілі. Ежелгі Египет, Грекия, Римде қоғамдағы адамдар тобының қҧқықтары мен бостандықтарын ,бір жағынан шектеу,екінші жағынан оларға белгілі бір жеңілдіктер беру мәселелері қарастырылған. Әрине, ол кез бен бҥгінгі уақытты салыстыру мҥмкін емес. Алайда сол замандағы адам қҧқығы мен бостандығының кейбір концепция, трактовка және тағы басқа пайымдаулар мен ойлары қазіргі кездің жағдайымен ҥйлесін тауып жатады. Аристотель бойынша, қҧқық дегеніміз-саяси қҧқық, сондықтан ол- мемлекетте ғана ӛмір сҥре алады. Адамдар мемлекет ретінде бір қоғамда шоғырланғаннан кейін ғана қҧқықтық тҧрғыдан тепе-теңдікке ие болады. Ежелгі грек сопыларының шығармашылығы адам деген ҧғымға жаңа тҥсінік енгізді. Олардың ойынша, табиғат жаратылысында шынайы тепе-теңдік ҧғымы бар. Протагор: «Бҥкіл заттың ӛлшемі –адам» десе, ежелгі қытай ойшылы `(б.з.б. Ҥ ғасыр) МоЦзы адамдардың барлығын – аспан қҧлдары деп қарастырған.[1]