Abstract:
Аталған мақалада Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайының құқықтық көріністері, сонымен қатар оның дамуының кезекті мәселелері қарастырылады. Мемлекеттің қаржылық жүйесі ақшалай қаражаттар қорын орталықтандыратын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы ретінде көрсетіледі. Қаржылық жүйенің іріленуі және ұлттық экономиканың өсім мен әлеуметтік даму траекториясына шығуды қамтамасыз ету бүгінгі күні кезекті және маңызды мәселелердің біреү болып табылады.