Жинаққа Болон үдерісі аясында жоғары оқу орны оқытушы-профессорларының оқу-әдістемелік құзіреттілігін халықаралық бәсекелестікке сай жетілдірудегі «Болашақ» халықаралық президенттік білім беру бағдарламасының маңызы жайындағы мақалалар енді. Мақалаларда шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп келген қазақстандық ғалымдар ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік тәжірибесімен бөліседі, отандық жоғары білім беру жүйесін дамытудың тиімді жолдарын қарастырады. Жинақ жоғары оқу орындарында кәсіптік білім берумен және ғылыми үдерісті инновациялық тұрғыдан жүзеге асырумен айналысатын оқытушыларға арналған.