Бұл жинаққа 2010 жылы 21 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Астана қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде Қазақстанда көркем білім беруді жетілдірудің жолдарын саралауға арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияда тыңдалған баяндамалар мен бейнелеу өнерін оқыту мәселелеріне байланысты ғалымдардың тың материалдары еніп отыр. Конференцияны аталған оқу орнының «Жас суретші» зертханасы, Астана қаласының білім басқармасы және Астана қалалық білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты бірігіп № 61 орта мектепте өткізді. Ғылыми конференция Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жастарға ұлттық тәрбие беру, оқытудың жаңа технологияларын қолдану, бейнелеу өнерін оқытудың қазіргі өмір талабына байланысты өзекті мәселелерін зерделеуге бағытталды. Конференция материалдары ғылыми ізденушілерге, оқытушыларға және жалпы оқырманға арналған.