Abstract:
Қазақстандық қоғамның сақталуы мен дамуы мақсатында Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының негізіне мәдени плюрализм принципінің қаланғаны дұрыс. Болашақ Қазақстанның медени болмысы әртүрлі ұлттық мәдениеттердің механикалық жиынтығы емес, тұтастай жалпықазақстандық мәдениетті құрайтын өзара байланысты, өзара бағынышты мәдени этникалық кешендердің органикалық қосындысы болуы тиіс.