Abstract:
Мақалада тауарларды сату мен қызмет көрсетудегі жарнаманың алар орны көрсетілген. Заманауи ақпараттық технологияларды жарнамада қолданудың жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, интернеттегі жарнама кез-келген түрдегі таратылатын және кез-келген құралдарды пайдаланатын ақпарат, желі қолданушыларына бағытталған және жарнама объектісіне назар аударуға, оған қызығушылық туғызуға немесе оны желіде және нарықта жылжытуға бағытталғаны көрсетілген.