Abstract:
Мақалада жарнаманың отандық тауар өндірушілерге
қажеттілігі мен маңызын ашудағы көркемдік өнерінің рөлі ұсынылған. Онда
үздік деңгейде жасалынған жарнама сұраныстың, пайданың, бәсекелік
күштің артуына және нарықтағы үлесін арттырып, кеңеюіне алып
келетіндігін негіздеп, үздік жарнаманы жасауға әртүрлі салалардың
шеберлері дизайнерлер мен суретшілердің қатысу қажеттігін ұсынған.
Сонымен қатар түстің жарнаманың тиімділігіне әсері, оның адам сезіміне,
жұбататын, алыстатып, жақындататыны, құштарландырып, қобалжытатын
әсері зерттеледі.