Abstract:
Мақалада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты жоғары оқу орындарында өтілетін графикалық пәндерді заман талабына сай оқытудың жолдары айтылады. Оқытуды цифрландыруды бірнеше кезеңдерге бөліп, бірінші кезеңінде орындалуы қажет іс-шараларға көңіл аударылған. Оқу үдерісін цифрландыруды дамытудың келесі кезеңдерінде қандай жұмыстар орындалуға тиіс екені сөз болады.