Abstract:
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.Әрбір Қазақстандағы баланың құқығы: Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.