Abstract:
Мақалада бала ауыстыруды жүзеге асырған кездегі тұлғалардың кінәлілігінің деңгейі, олардың негізгі мақсаттары, ниеттері мен мотивтері қарастырылған. Ол тұлғаларға баланың ата-анасың, медицина қызметкерлерін және өзге де тұлғаларды жатқызуға болады.
Мақаланың мақсаты аталған қылмыстық құқықбұзушылықтың субъективтік жағын саралау мәселелеріне баса назар аудару болып табылады. Сонымен қатар мақалада кінәнің аралас нысанымен жасалуы мүмкін қылмыстық құқыбұзушылықтар туралы кейбір авторлардың пікірлері қарастырылған. Аталған қылмыстық құқықбұзушылықтың субъективтік жағын дұрыс саралау жалпы еліміздегі қылмыстылықты ашуға өзінің септігін тигізеді.