Abstract:
Мақалада венчурлік қаржыландырудың, нақты инновациялық компанияның, венчурлік қорлар мен венчурлық басқарушылардың мәні ашылады. ҚР-ғы венчурлық қорлардың қызметі көрсетілді. Венчурлік қаржыландыру механизмін жеңілдету мақсатында венчурлық қорлардың шартын қолданудың ерекшелігі анықталды. Акционерлік қоғамдар нысанындағы венчурлік қорларды қалыптастыру кезінде инвестициялық жобаларға инвестициялар тәуекелдерін төмендету мақсатында акционерлік Келісімнің мәні мен оны қолдану ерекшеліктері ашылады. Акционерлік қоғам нысанындағы венчурлік қорларды қалыптастыру кезінде инвестициялық жобалардағы тәуекелдерді төмендету мақсатында акционерлік келісім-шарттың мәні мен оны қолдану ерекшеліктері ашылды. Венчурлік қордың активтерін тиімді пайдалану үшін опциондық шарттарды қолдану тетігі көрсетілді. Осылайша, венчурлік қаржыландыру бойынша қабылданған жаңа нормативтік-заңнамалық актілер мониритарлық инвесторларды қорғауға ғана емес, сонымен қатар венчурлік қаржыландыру нарығын одан әрі дамытуға объективті ықпал етеді.