Abstract:
Мақалада соңғы жылдары көбейіп, жиі орын алып отырған жас балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері қозғалады. Жасөспірімдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық – құқық бұзушылықтардың ішіндегі ең ауыры екені белгілі. Жасөспірімдерге қатысты жасалатын әрбір жат әрекет олардың болашағына орасан зор зардап келтіретіні айтпаса да түсінікті.
Зорлық-зомбылық жас балалардың психологиялық «құлдырауына» алып келуімен қатар моралдық жағынан да күйзелуіне әкеп соқтырады. Жандарына өшпес «жара» салу арқылы жасөпірімдердің қалыпты өсіп-жетілуіне кедергі келтіріп, болашағына белгілі бір деңгейде «тосқауыл» қояды. Мұндай қоғамға жат қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? Алдын алу үшін не істей аламыз? Міне, осындай сұрақтар бала тағдыры бей-жай қалдырмайтын кімді болса да, мазалары анық.