Abstract:
Мақалада педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері және психологиялық жақтары қарастырылады. Студент педагогтардың коммуникациялық қарым-қатынасқа даярлық жолдары дәйектелді. Осы мәселе бойынша психолого-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды: А.А. Бодалевтың, А.А. Леонтьевтің, М.И. Лисинаның, Х.Т. Шерьязданованың, А.Р. Ерментаеваның және т.б. педагогикалық қарым-қатынас теориясы сипатталды.