Abstract:
Бұл мақалада мектеп бағдарламасында иннновациялық жетістіктердің ең дамыған бағыты роботтық техниканы оқытудың дидактикалық ұстанымдары қарастырылған. Оқу нысаны ретінде Arduino конструкторының роботы қолданылады. Роботтық техниканы меңгеруде оқу – әдістемелік кешеннің жаңартылу қажеттілігі айтылған. Мақала авторлары білім беру үрдісінде зерттеу өзектілігін жан жақты қарастырған. Балаларды оқыту үшін робототехниканы енгізудің заманауи жағдайына талдау жасалынды. Бақылау, ғылыми әдебиеттерге талдау, қызметті талдау, жүйелеу және жалпылау сияқты зерттеу әдістері қолданылған. Мектепке робототехниканың элементтерін енгізуде оқытудың көрнекілік, теорияның практикамен байланысы, ғылымилық, түсініктілік, оқытуға бағытталған принциптерінің сақталуы көрсетілген. Роботталған платформаны басқарудың жаңа программалық-аппараттық шешімін әзірлеудің кезеңдері келтірілген. Аталған мақалада Arduino ашық жинау конструкторы бар Роботты жасау барысында қолданылған процедураларлың қысқаша сипаттамасы келтірілген.