Abstract:
Мақалада инженерлік графикадағы геометриялық түсініктерді оқытудағы бірнеше абстракты ұғымдардың жалпы мәні мен мағынасы ғылыми тұрғыдан баяндалып, геометриялық абстракты ұғымдар туралы студенттердің түсінігін қалыптастыру тәрізді бүгінгі күннің өзекті мәселелері қарастырылған.Студенттерге абстракты ұғымдардың мәні мен мағынасын түсіндіру арқылы кескіндер теориясының негіздерін таныстыру және меңгерту, проекциялау және графикалық үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын үйрету, графикалық моделдеуді, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету және олардың графикалық мәдениеттерін қалыптастыру қарастырылған. Теориялық және графикалық білім беруде студенттерді инженерлік графикадағы геометриялық абстракты ұғымдардың мәні мен мағынасын түсіну қабілеттерін дамыту, алған білімдерін кез-келген оқу және өмірлік жағдайларда шығармашылықпен қолдану, шешуші және пәндік құзыреттіліктерін дамыту арқылы өзіндік дамуын және өзін-өзі басқаруын жетілдіретіндігін көрсеткен.