Abstract:
Студенттердің бойындағы білім, іскерлік, дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, өлшеу және бағалау сұрақтары қазіргі уақытта оқыту тәжірибесіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Берілген мақалада когнитивті, аффективті және психомоторлы аймақтағы іс- әрекет таксономиясы қарастырылады. Мақалада таксономия ұғымының анықтамасы беріліп, әр аймақтың сипаттамалары берілген.
Жалпы Блум таксономиясын көптеген ғалымдар бірнеше рет сынға алған болатын, бірақ бұл таксономия әлемдік тәжірибеде әлі күнге дейін қолданылуда. Өйткені таксономия ұсынатын мақсаттарды қою тәсілі өзінің жоғары инструменталдығымен ерекшеленеді және оқыту мақсаттары студенттердің әрекеттерінде айқындалып, оқыту нәтижесі арқылы тұжырымдалудан тұрады. Осыған орай, эмоционалды және психомоторлы аймақ үшін оқыту мақсаттары және олардың категориялары сипатталған. Сонымен қатар студенттерді үздіксіз бағалау процесінде белгілі бір таксономияны қолдану мүмкіндіктері анықталған. Оқытудың нәтижесін сипаттау үшін, іс- әрекет пен қимылды білдіретін етістіктерге ерекше көңіл аударылады, себебі оқыту нәтижесін жобалауға қойылатын басты талаптың бірі – белсенді етістіктерді қолдану болып табылады. Осы айтылғандардың барлығы ұсынылған мақалада толықтай қарастырылған.