Abstract:
Зерттеу жұмысында педагогика және психология ғылымдарындағы зерттеулер процесі, оның құрылымы, кезеңдері мен негізгі әдістері қарастырылады. Педагогика және психология ғылымдары әдістерінің логикалық негіздері мен таным теориясы өлшем қағидаларына ерекше назар аударылады. Зерттеулер әдістерінің ерекшеліктері, міндеттері мен келешегі қарастырылады. Зерттеудің ақпараттық негізін теориялық бағыттағы ғылыми журнал материалдары құрайды. Мақаланың мақсаты – педагогика және психология ғылымдары зерттеулер әдістері мәнін зерделеу болып табылады. Зерттеу жұмысы көрсеткендей, бүгінгі күнде зерттеулер әдістері әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар саласында ерекше орын алады.