Abstract:
Мақалада педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері және психологиялық жақтары қарастырылады. Студентердің педагогикалық коммуникациялық қарым-қатынасқа даярлығы және дамыту жолдары дәйектелді. Қарым-қатынасты анықтауда арнайы «педагогикалық қарым-қатынас» деген ұғым қолданылды.
Педагогикалық қарым-қатынас мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен студент арасындағы нақты психологиялық байланыс деп нақтыланды.
Психолого-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, А.А. Леонтьевтің, М.И. Лисинаның, Х.Т. Шерьязданованың, А.Р. Ерментаеваның және т.б. педагогикалық қарым-қатынас теориясы талданды.
Қарым-қатынас адам пcихикасын, дамуды психикалық дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы және мақсаты болып табылатындығы талданды.