Abstract:
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге жетуі үшін жасалынып жатқан талпыныстар нәтижесінде жаңартылған білім білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі терең білімді қажет ететін, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жаратылыстану бағытында білім беру бастауыш мектеп оқушыларының табиғи білімқұмарлықтың дамуына, зерттеу жүргізу жұмыстарының барысында танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Бұл мақала жаратылыстану пәнін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда зерттеп, оны қалыптастыру жолдары мен әдістерін талдауға арналған. Теориялық материалдарды талдау негізінде қорытындылар жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар берілген.