Abstract:
Мақалада еліміздегі көптілді білім беру жүйесі бойынша студенттердің білім беру ортасына бейімделуі қарастырылды. Білім алушыларға көп тілді үйрету үшін организмнің бейімделу әлеуетін анықтауға арналған тестілеу мен сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты білім алушылардың ағылшын және орыс тілдеріндегі пәндерді оқу кезіндегі оқу әрекетінің ішкі және сыртқы мотивациясын анықтау болды. Ал тестілеудің мақсаты организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің жай- күйі туралы толық мәлімет алу болды. Оған қоса, көптілде оқылатын пәндердің сынақ - емтихан ведомостін салыстыра талдау жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша студенттердің көптілді білім алу орта жағдайларына бейімделуі организмнің бейімделу әлеуетіне тікелей байланысты болатындығы тестілеу мен сауалнама алу барысында толықтай анықталды. Сонымен қатар білім алуға ұмтылысы да бейімделу процесіне әсер етеді.