Abstract:
Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан бейнеленген тарихи жырлар қазақ фольклорының аса бай эпикалық жанрларының бірі саналады. Ел өміріндегі тарихи оқиғалар мен шайқастарға қатысқан адамдар жырланған, тарихи оқиғалар негіз болып, тарихи сюжеттерге құрылған қазақ тарихи жырларының бірі «Көкжарлы Барақ батыр» XVIII ғасырдағы жоңғар-қалмақ шапқыншылығына байланысты күрделі оқиғаларды суреттеуге арналған. Қазақ халқының тарихында кең байтақ жерін, еркіндік сүйгіш елін қорғаған батырлар көп болған. Солардың бірі – Шығыс өңірінен шыққан Көкжарлы көкжал Барақ батыр. Аталған мақалада тарихи жырлардың жанрлық тұрғыдан жіктелінуі, тақырыптық, идеялық ерекшелігі, XVIII ғасырда қазақтың елі мен жерін жаудан қорғауда ерекше ерлігімен, дарынды қолбасшылығымен көзге түскен Көкжарлы көкжал Барақ батырдың әдеби және тарихи бейнесінің аңыз бен ақиқаты жан-жақты қарастырылған.