Abstract:
Бұл кітапқа автордың әр жылдары республикалық басылымдарда жарық көрген, сондай-ақ әзір еш жерде жариялана қоймаған Алаш ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбындағы ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. Шәкәрім және Алашорда тақырыбы еңбектің негізгі арқауы, сонымен қатар, мұнда Алашорда үкіметінің басшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтардың Семейдегі қоғамдық-саяси қызметтері жан-жақты әңгіме болады. Еңбекте халқымыздың біртуар перзенттері Халел Ғаббасов, Турағұл Абайұлы, Биахмет Сарсеновтер туралы да мол мағлұмат берілген. Ал, соңғы бөлімінде 1937-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргін зардаптары архивтік деректерге сілтеме түрінде баяндалады. Жинақ жалпы оқырман қауымға, педагог мамандар мен студенттерге арналған.