Abstract:
Кітапта Алаш қаласының тарихы Алашорда үкіметіне қатысты тың деректер, нақты мұрағат материалдары негізінде жазылған. Сондай-ақ, Семей облыстық қазақ комитеті, облыстық және уездік Земство басқармалары, Алашорда үкіметі кеңесшілері, Алашорда соты мен әскері (милиция) штаттары, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналы редакциялары, «Алашорда» баспаханасы сияқты, т.б. мекемелер орналасқан ғимараттар тарихы алғаш рет жан-жақты айтылады. Кітап тарихшыларға, аспиранттар мен магистранттарға, студенттерге, жалпы Отан тарихына қызығушы қауымға арналған.