Abstract:
Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі кітапханасы аясында жарық көріп отырған «Халық тарих толқынында» сериялық ғылыми жинағының төртінші кітабына ұлт тарихына арналған ғылыми-танымдық зерттеулер енгізілген. Ғылыми жинақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауымен ашылды. Елбасы осы Жолдауында «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел» атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ сериялық ғылыми жинақтың төртінші кітабына белгілі ғалымдар мен қоғам және мәдениет қайраткерлерінің мақалалары, зерттеу-сұхбаттары енген. Еңбек зерттеуші мамандарға, тарихшыларға, магистранттар мен студенттерге, жалпы Отан тарихына қызығушы қауымға арналған.