Abstract:
Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі кітапханасы аясында жарық көріп отырған «Халық тарих толқынында» сериялық ғылыми жинағының екінші кітабына халқымыздың ұлы мұрасы – тарихымызға арналған ғылыми-танымдық зерттеулер енгізілген. Ғылыми жинақ Ерлан Сыдықовтың тарихқа жаңаша таныммен келген «Мәңгі ел»журналына берілген құттықтауымен ашылды. Сериялық ғылыми жинақтың екінші кітабына белгілі ғалымдар мен қоғам және мәдениет қайраткерлерінің мақалалары, зерттеу-сұхбаттары енген. Еңбек зерттеуші мамандарға, тарихшыларға, магистранттар мен студенттерге, жалпы Отан тарихына қызығушы қауымға арналған.