Abstract:
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары 1960-1990 жылдардағы ҚХР-дың сыртқы саяси концепцияларының дамуымен тікелей байланысты.
Қырғиқабақ соғыстың аяқталуы, КСРО күйреуі мен екіполюсті әлемнің құлдырауынан бұрын да Қытай басшылығы сыртқы әлеммен өзгелерден ерекше, бірақ нәтижелі қарым-қатынас бағытын орнатып алды. Оны орнату үдерісі салмақты әрі қадамқадаммен жүргізілді, бұл жалпы қытайлық реформаларға тән болды және нәтижесінде үнемі өзгеріп тұратын әлем жағдайындағы көрші елдермен жасалатын келісімдер мен шарттарға деген ҚХР-дың осы сияқты прагматикалық әрі есепшіл қатынасын алдын-ала анықтап қойған болатын.